RU
Жігітінің отбасы әкесімен қас дұшпан болып шыққан қыз өкінішті өмірі туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

Жігітінің отбасы әкесімен қас дұшпан болып шыққан қыз өкінішті өмірі туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Құлай сүйген жігітінің отбасы әкесінің қас жауы болып шыққан бойжеткен NUR.KZ порталына хабарласып, өзінің өкінішін жеткізді. Айтуынша, оны әкесі бақытынан айырып, өзгеге тұрмысқа шығарып жіберген.

Күйеу жігітінің отбасы әкесінің қас жауы болып шыққан бойжеткен өкінішін айтты

Көрнекі фото: s-zaimi.ru

Бүгінде отызға келіп қалған Гүлім әкесі күштеп қосқан күйеуінен ажырасып кеткен.

"Сәлеметсіздер ме, Nur.kz ұжымы. Мен басымнан өткен өкінішім жайлы айтпақшы едім. 20 жасымда сүйген жігітім екеуіміз үйленіп, отау құрмақ болдық. Болашаққа деген жоспарларымыз көп еді. Бір ауылда туып-өстік. 2011 мамыр айында үйге мені айттырып ата-анамның қалауымен өзге жігіттің ата-анасы келді. Бірақ мен өз жігітімді сүйетінмін. Сол түні жігітім мені алып қашып кетті.

Алып қашқан күні қуғыншы боп әкем келді. Сөйтсем менің жігітімнің әкесі мен менің әкем қас дұшпан екен. Әкем егер осы үйде қалатын болсаң менің сендей қызым жоқ деп жылады. Әкемнің көз жасын сонда бірінші рет көрдім. Ол сондай намысшыл адам... Сонда менің сүйіктімнің анасы қатты жылады. "Кетпе қызым, баламды ойла. Ол сені қатты жақсы көреді. Кеше мен ұнатқан қызды айттырып жатыр деп қатты жылап еді. Баламның көз жасына қалма", - деп жылады.

"Екі оттың арасында қалдым. Әкем алып кетейін десе, ана кісі аяғына жығылып, кетпе, ботам деп жылай берді. Бірақ сонда да әкеме қарсы тұра алмадым", - дейді Гүлім.

Айтуынша, жігіттің анасы одан кейін де бірнеше рет үйіне келіп, жалынып сұраған екен. Алайда қайырылмайтын әке оларға қызын беруден үзілді-кесілді бас тартқан.

Кейіннен ол ата-анасы таңдап берген жігітке тұрмысқа шыққан. Алайда олар екі-ақ ай бірге тұрып, ажырасып еткен.

"Менің мұнда айтқым келгені, қазіргі шаңырақ көтергелі жатқан жастарға кімнің қандай қарсылығы болса да, ешқандай артқа қарамай, сүйгеніңмен батыл қадамға шақырған болар едім. Махаббат деген ұлы сезім бəрінен үстем тұратынын айтқым келген.

Біз армандаған болашақ қазір оның ғана қолында. Үйленген, екі ұлы бар деп естідім. Әлі күнге оны сағынамын. Амандығын тілеймін, ал мен тұрмысқа шыққан жігітпен сол жылы екі-ақ айдан сон ажырасып кеткенмін. Мен енді осылай жалғыз өтетін шығармын өмірден", - деп жазған бойжеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
5
20
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel