RU

Кәмшат Жолдыбаевамен эфирде сүйіскен әнші шындықты жайып салды

Жаңа-жылдық кеште Кәмшат Жолдыбаевамен эфирде сүйісіп, елдің наразылығын тудырған Олжас Абай өз шындығын айтты деп хабарлайды "juldyz.kz" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева. Фото. NUR.KZ
Кәмшат Жолдыбаева. Фото. NUR.KZ: UGC

Әншінің айтуынша, бұл эфир үшін жасалған дүние.

"Енді бұл туралы мен не айта аламын? иә, бұл біздің салтымызға, дінімізге, менталитетімізге ерсі дүние шығар. Бәрақ, әртіс болған соң бәрі болады. Кейде қойылған талапты орындайсың. Кейде бас тартасың. Кейбірі осындай шу әңгіменің жүргенін де қалайды ғой. Бірақ, қандай мақсатпен ойластырылғанын білмеймін. Режиссердің талабы осындай болды. Бізге "Тек еріндеріңді тигізсеңдер болды. Ары қарай монтаждай саламыз" деді. Артық ештеңе болған жоқ. Өзім актер ретінде мұнда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бұл - жай ғана образ", - деді Олжас Абай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729399-kmsat-zoldybaevamen-efirde-sjisken-nsi-syndykty-zajyp-saldy.html