RU
Назарбаев: Ресей – құдай қосқан көршіміз
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев: Ресей – құдай қосқан көршіміз

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көршілес Ресей мен Қытай елдері арасындағы ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін мәлімдеді. Ол "Ресейді – құдай қосқан көршіміз, Қытайды – алып мұхат" деді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Президент Ресеймен достық қарым-қатынас одан әрі де жалғаса беретінін атап өтті.

"Ресей біздің құдай қосқан көршіміз. Бізге дейін де, қазіргі ұрпақ та, болашақтағы балаларымыз да қазіргідей достық қарым-қатынаста қалып, емен-жарқын араласа бермек. Бүгінде Ресей мен Қазақстан арасындағы достық қатынас – мемлекет аралық ынтымақтастық теңдессіз үлгісі болып отыр. Сондықтан біз осы қағидатты алдағы уақытта да ұстана бермекпіз. Ресей де бізді толығымен қолдайды деп сенемін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы Ресеймен көршілес болғандықтан Қазақстан алдағы уақытта түрлі өнімдерді тасымалдау арқылы 5 млрд долларға жуық пайда табатынын алға тартты.

"Біз құрлықтың ортасында орналасқан ел болғандықтан, теңіз суы арқылы қатынай алмаймыз. Сол себепті біз көршілес Қытаймен де ара-қатынасымызды нығайтып келеміз. Осы ретте бәр кәсіпкердің сөзін алға тартқым келіп отыр. Ол "Сіздер біз мұхитқа шыға алмаймыз, бізде теңіз де жоқ депсіздер. Сіздердің мұхиттарыңыз – Қытай болсын" деген еді. Біз Қытай, Ресей елдері арқылы көптеген көлік жолдары және теміржолдарды салдық. Біз алдағы уақытта тек тасымал арқылы ғана 5 млдр-қа жуық табыс табатын боламыз", - деді президент.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
23
0
3
3
3
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel