RU
Енесін аяусыз соққыға жыққан ер азамат оны өлтіріп тынды
Жаңалықтар Әлемде

Енесін аяусыз соққыға жыққан ер азамат оны өлтіріп тынды

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Геленджик қаласының тұрғыны мен зейнеткер арасында келіспеушілік туындап, ашуға бой алдырған ер адам енесін аяусыз соққыға жықты. Нәтижесінде, қарт адам сансыз жарақаттар салдарынан жедел жәрдем келгенше көз жұмған деп хабарлайды vkpress.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vkpress.ru

Фото: vkpress.ru

36 жастағы ер адам әйелімен бірге енесінің қолында тұрған. Алайда уақыт өте келе ерлі-зайыптылардың арасы үзілген.

Қызымен ажырасып кетсе де, енесінің рұқсатымен ол зейнеткер үйінде тұра берді. Қарт әйелдің бұрынғы күйеубаласын үйде қалдыруы жақсы ой болмай шықты.

19 сәуір күні екеуінің арасында өзара келіспеушілік туындап, ер адам бұрынғы енесін қатты соққы астына алды. Аса ауыр бас пен дене жарақаттары салдарынан зейнеткер оқиға орнында жан тапсырды.

Өзінің бүлдіріп қойған ісіне көзі жеткен ер азамат бірден қарт әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетпекші болған. Тіпті көршілер көмегімен жедел жәрдемді де өзі шақыртқызыпты.

Алайда оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қолынан тек қана өлім уақытын анықтау ғана келді.

Зейнеткер өліміне кінәлі ер адам тұтқынға алынды. Ол өзінің қылмысын толығымен мойындады. Алайда ол бұрынғы енесін өлтіріп алатынын ойламағанын айтып өтті. 36 жастағы ер адамның мәлімдеуінше, ол енесін тек қана соққымен қорқытпақ болған.

Қылмыскерге қатысты сот үкімі әлі шыққан жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
7
5
5
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel