RU
Назарбаев 500 адамға дүркіретіп той жасайтын шымкенттіктерге өз ақылын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев 500 адамға дүркіретіп той жасайтын шымкенттіктерге өз ақылын айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды дүркіретіп той өткізгенше, сол ақшаны жастарға баспана алу үшін беруге шақырды. Бұл туралы президент Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "7-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары туралы баяндады.

"Шымкентте 200-500 адамға шақталған қаншама тойханалар салынды. Той өткізуге жұмсаған ақшаны жастарға баспана алуға беру керек. Бұл ең жақсы сыйлық", - деді Назарбаев.

"Бағдарлама бойынша алғашқы жарна бұрынғыдай 50 пайыз емес, 20 пайыз. Қалған 80 пайызды банк 25 жылға береді", — дейді сөз жалғаған президент.

Айта кетейік, президент Нұрсұлтан Назарбаев "7 – 20 – 25" жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынған еді. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан аспайды.

Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 пайызына дейін, кейде тіпті 50 пайызын салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс.

Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
16
1
5
2
3
35
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір