RU

Жаңа туған сәбиді екі аяғының ортасынан өткізген әжелер желіні шулатты (видео)

Желіде бір топ әжелердің жас нәрестені екі аяғының ортасынан өткізіп жатқан видеосы тарап кетті. Аталған бейнежазба көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: sn.kz
Фото: sn.kz: UGC

Аталмыш видео Instagram желісіндегі videogram_kaz парақшасында пайда болған. Әзірге видеоның еліміздің қай өңірде түсіргені белгісіз. Онда тек жаңа туған сәбиді әжелердің бұтының астынан өткізіп жатқаны айқын көрінеді.

Желі қолданушыларының дені аталған ырымды түсінбей, сынап тастаған. Олар "Не ырым?", "Масқара ғой" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Десе де кей оқырмандар аталмыш дәстүр еліміздің батыс өңірінде бар деген пікірді алға тартқан. Айтуларынша "бала шетінеп кете беретін жанұяның бөбегін осылай көп балалы әженің аяғының ортасына салу керек" екен. Сонда "бала өлімі тоқтап, өмірге көп бала келетін" көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729427-zaa-tugan-sbidi-eki-aagyny-ortasynan-tkizgen-zeler-zelini-sulatty-video.html