RU
Назарбаев қандай адамдарды орнына қою керектігін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев қандай адамдарды орнына қою керектігін айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отырысында қандай адамдарды орнына қою керектігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Басқа жерлерде, күнделікті тұрмыста жол беретін жағдайлар болатынын білемін. Көңілі толмайтындар бар. Қырағы болу қажет. Біздің Конституциядағы заңдардың ешбірі адам құқығын таптап өтпейді. Конституцияға сай әрекет жасауымыз қажет. Сол себепті, жергілікті атқарушы билік қажет кезде бірден шара қолдануы тиіс. Бізде әр адамның Қазақстанда жүріп өзінің Отанында тұрғандай әсер алуына барлық жағдай жасалған", - дейді Президент.

Елбасы қазақстандықтарды тағы бір мәрте бірлікте болуға шақырды.

"Мемлекет құру бір іс, ал құрылған мемлекетті ішкі және сыртқы бытыраңқылықтан сақтап қалу – үлкен еңбек. (...) Қазақстандықтардың жайлы өмір сүрулері үшін жағдай жасалған. Ең бастысы – ішкі бірлік пен адамдардың бір-біріне түсіністікпен қарауы. Осы жерде біз сезімталдылық танытуымыз қажет. Бірде осы жерде бірнәрсе ұнамайды, енді бірде екінші бір жерде бірнәрсе ұнамай жатады. Бір аудандағы кемшілікті тауып алып, соған жабысуға әзір тұрады. Бізде мұндайлар бар. Мысалы, шығыстағы су тасқынын алайық. Барлығы бүкіл Қазақстан суға кетіп жатқандай шулады. Мұндай мәселеге келгенде қырағылық танытып, мұндай адамдарды қайда жүрсе де, орнына қоюмыз қажет. Бізге бәрінен тұрақтылығымыз бен берекеміз қымбат. Біз сол кезде ғана дамитын боламыз", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
42
1
1
2
2
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel