RU

Назарбаев Байбектен алматылық әйелге көмектесуін сұрады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы әкімі Бауыржан Байбектен жұмыссыздарға көмектесуді көздейтін жобаны ұсынған әйелге көмектесуін сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда: UGC

"Алматыда, республикалық Достастық үйінде аналар кеңесі құрылды. Жақында біз жоба құрдық - барлық қалалар мен аймақтарда жұмыссыз әйелдерді еңбекке тартатын өндірістік цехтер, наубайхана ашсақ деп едік", - деп жоспарын ортаға салды алматылық Малика Ташбулатова.

Ол президент жобаға батасын берсе, жұмысын бастайтындарын алға тартты.

"Алматыда наубайхана... Бауыржан! Байбек. Әйелге наубайхана ашуға көмектесші", - деп жауап берді Назарбаев.

Бауыржан Байбек көмектесуге әзір екенін байқатып, күлімсірей басын изеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729454-nazarbaev-bajbekten-almatylyk-jelge-kmektesuin-srady.html