RU
Назарбаев өзінің студенттік шағы мен алғашқы жатақханасын еске алды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев өзінің студенттік шағы мен алғашқы жатақханасын еске алды

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев студенттік шағы мен алғашқы жатақханасын есіне алып, ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: NUR.KZ

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: NUR.KZ

"Менің алғашқы жатақханам Теміртаудағы палатка болатын. Боран, аяз, ал біз комсомолдық жолдама бойынша Қарағанды металлургия комбинатының құрылысы басталғалы бері 30 адам болып палаткада тұрдық", - деп есіне алды президент.

Елбасы Қарағанды политехникалық институтында оқыған кезіндегі жатақханасы туралы айтып берді.

"Жатақханада алдымен үш адам болып тұрдық. Әлі күнге дейін оның мекенжайын да, бөлменің нөмірін де ұмытқан емеспін. Кейін біз төрт адам болдық", - деп жалғастырды Назарбаев.

Президент студенттік шақтың керемет кезең екенін алға тартты.

"Қанша дегенмен бұл өмірдің негізін қалаушы, керемет кезең", - деп ойын түйді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
1
0
1
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel