Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жеті жасар қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Қостанай облысы Затобол кентінде жеті жасар қыз жоғалып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз бала. Көрнекі фото: Приморская газета
Қыз бала. Көрнекі фото: Приморская газета: UGC

Сынып жетекшісі Ұлмекен Тұрлыбекованың айтуынша, жеті жасар Дарья Мельникованы іздеуге мектеп ұстаздары да жұмылған.

Қыз бала сабақ біте салысымен, үйіне кеткен. Алайда сол беті хабарсыз кетіпті.

"Бұл жайт бүгін 11:30-да болды. Бәріміз жиналдық. Мұғалімдер Дашаны іздеу үшін Затобол кентіне аттанды. Полицияға да хабар берілді", - дейді Тұрлыбекова.

Даша. Фото: Алау
Даша. Фото: Алау: UGC

Қыз бала алқызыл күртешеде болған. Оны көрген-білгендер болса, 87145527188 нөміріне немесе 102 нөміріне хабарласуына болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1729461-kostanaj-oblysynda-zeti-zasar-kyz-iz-tzsiz-zogalyp-ketti/

pixel