RU
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде нокаутпен жеңді
Жаңалықтар Әлемде

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде нокаутпен жеңді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті бастады. Нью-Йоркте өткен алғашқы жекпе-жегінде қазақ баласы америкалық боксшы Ноа Кидті нокаутпен жеңді деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Данияр Елеусінов

Данияр Елеусінов
Source: UGC

Жартылай орта салмақта жұдырықтасқан боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған еді. Данияр қарсыласын 3 раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп кетті.

22 жастағы Ноа Кид кәсіпқой бокстағы мансабында алғаш рет жеңілді. Осыған дейін 4 жекпе-жек өткізіп, 3 рет жеңіске жеткен ол 1 кездесуін тең аяқтаған.

Данияр Елеусінов наурыз айының басында кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысты. Ол ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашты.

Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.

Данияр Елеусінов шаршы алаңға шыққан бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық боксшы Дэниель Джейкобс пен поляк Мацей Сулецкий жұдырықтасады.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
4
22
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel