RU

Нью-Йорктегі қазақ полицейі бокста алғаш рет жеңіліс тапты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тәртіп сақшысы болып қызмет ететін қазақ баласы Димаш Ниязов (13-0-3, 6 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті кездесуінде жеңіліс тапты деп хабарлайды Sports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нью-Йорктегі қазақ полицейі бокста алғаш рет жеңіліп қалды
Нью-Йорктегі қазақ полицейі бокста алғаш рет жеңіліп қалды: UGC

Barclays Center аренасында өткен Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) - Мацей Сулецкидің (26-0, 10 КО) бокс кешінің аясында ол мексикалық Анхель Саринамен (7-7-2, 3 КО) кездескен.

6 раундқа созылған жекпе-жек Саринаның жеңісімен аяқталды.

Төрешілер 59-52, 59-53, 58-54 есебімен жеңісті бірауыздан мексикалық боксшыға берген. Кәсіби бокста 8-ші рет кездесу өткізген Ниязов бұл жолы алғаш рет жеңілді.

Айта кетерлігі, Димаш 5-ші раундта нокдаунға түсіп қалған..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729481-nu-jorktegi-kazak-policeji-boksta-algas-ret-zeilis-tapty.html