RU
Павлодарда 21 жастағы жігіт көпқабатты үйден секіріп мерт болды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда 21 жастағы жігіт көпқабатты үйден секіріп мерт болды

Рассказать Вконтакте

Жас жігіт Павлодардағы көпқабатты үйдің төбесінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

павлодарда

21 жастағы Юрий Боболович алдымен үйінен кетіп қалған. Оны туыстары, полицейлер және еріктілер іздеп, бір күн өткен соң жігітті тапқан кезде, ол көпқабатты үйдің 12 қабатынан секіріп кетті.

Жас жігіт қаладағы түнгі клубтардың бірінде бармен болып жұмыс істеген.

20 сәуір күні жұмыстан шығып, із-түссіз жоғалып кеткен оны еріктілертобы іздеуге кірісіп, кейіннен, әлеуметтік желіде Юрий Боболовичтің табылғанын хабарлады. Алайда, бір тәуліктен кейін оның өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

«25 сәуір күні кешке Юрий Боболовичтің денесі табылды. Ол Торайғыров көшесіндегі көпқабатты үйден секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Юрийдің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», - деп жазды еріктілер.

Павлодар облысы ІІД-де бұл ақпаратты растап, осы факті бойынша қылмыстық іс ашылғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel