RU

Даниал Ахметов арнайы кортежбен күтіп алатын әкімдерге ескерту жасады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзінің аудандарға сапары кезінде негізгі жұмысынан қол үзіп қалатын мемлекеттік қызметкерлер тым көп екенін атап өтті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов: UGC

Өңір басшысы 26 сәуір күні Зырян ауданына барған. Оны аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов, оның орынбасарлары Жанна Асқарова мен Асхат Бұқатов, аудан мәслихатының хатшысы Лариса Гречушникова, сондай-ақ бөлім басшылары қарсы алыпты.

"Маған мұндай кортеждің керегі жоқ. Мамандар өз орнында жұмыс істесін, міндетін атқарсын", — деді Даниал Ахметов.

Шенеуніктерден бөлек әкімді полицей автокөлігі шамын жарқылдатып, "қошеметтеп" ертіп жүрді. Өңір басшысы арнайы машинаны да алып тастауды өтінген көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729499-danial-ahmetov-arnajy-kortezben-ktip-alatyn-kimderge-eskertu-zasady.html