RU

Алматы облысында қазылған орға құлаған екі жасар бала тіл тартпай кетті

28 сәуір күні сағат 17:00 шамасында Алматы облысы Жамбыл ауданының Ынтымақ ауылында қайғылы оқиға орын алды. Екі жасар бала беті ашық тұрған орға түсіп кетіп, қайтыс болған деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы облысында
«Жеке үй аумағында үлкендердің қарауынсыз қалған бала қазылған орға абайсызда құлап кетіп, сол жерде жан тапсырды. Бала 2016 жылы туған», - деп хабарланды ведомство хатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729505-almaty-oblysynda-kazylgan-orga-klagan-eki-zasar-bala-til-tartpaj-ketti.html