RU
Назарбаев қатысқан концертте Димаш қарындасымен ән шырқады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Назарбаев қатысқан концертте Димаш қарындасымен ән шырқады (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы концертінде Димаш Құдайберген қарындасы Раушанмен бірге сахнаға шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш

Димаш қарындасымен. Фото: facebook

«Достарым, өнеріміздің аспанына тағы бір жұлдыз жарқырап шықты! Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы концертінде Димаш Құдайберген қарындасы Раушанмен сахнаға шықты. Дуэт Селин Дионның All by Myself хитын орындап, тыңдармандардың көңілінен шықты. Нағыз табиғи дарын, браво! Раушанды сахнадағы тұңғыш қадамымен құттықтап, ақ жол тілеймін!», - деп жазады Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің парақшасында.
Димаш

Еске салайық, Димаш Құдайберген өткен жылы Қытайдың «Singer2017» ән байқауына қатысып 2 орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ, отандасымыздың ерекше дауысы қытайлық тыңдармандардың жүрегін жаулап, аз уақытта сол елдегі ең танымал әншіге айналды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
2
0
1
1
41
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір