RU
Алматыда қымбат көлік сатып алмақ болған 13 адам сан соғып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда қымбат көлік сатып алмақ болған 13 адам сан соғып қалды

Рассказать Вконтакте

Қымбат көлік сатып алмақ болған алматылықтар бірінен соң бірі алданып жатыр. Атағы дардай "Тойота сити" орталығының менеджерлері алаяқтық жасады деген күдік бар. Қазірдің өзінде алданып, сан соққандардың саны 13 адамға жетті деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Қазір салонға қымбат көлік іздеушілермен қатар, не көлігін, не ақшасын қайтара алмай құр алақан қалғандар да жиі келеді. Солардың бірі Ақылбек Мұқаметшеұлы. 5 сәуірде осы кеңсеге келіп "Тойота ланд крузер" көлігіне тапсырыс берген. Менеджер, таңдаған көлігі 9 күннен соң жеткізілетінін айтып, 22 миллион теңгесін қолма-қол төлеткен.

"Ойымда ештеңе болған жоқ. Енді базарға немесе барахолкаға келіп отырған жоқпын ғой. Үлкен организация аты сыйлы елге. Ел білетін организация. Содан сендім де ақшаны бердім", - дейді зардап шегуші Ақылбек Мұқаметшеұлы.

Түсіне дейін таңдап кеткен көлігін ойша қиялдап айтқан күні келгенінде не баяғы менеджерін, не көлік, не ақшасын таппапты. Кеңсе басшылары "кешіріңіз, сіз алдандыңыз" деп шығарып салған.

"Ол кісіге айттым. Қалай сонда деп. Келісім шартта оригинал печать тұр. Бізде менеджерлердің бәрінде оригинал печать бар дейді. Сонда қалай? Келісімшарттар үшін печать ол біреу-ақ болу керек заң бойынша", - дейді Ақылбек Мұқаметшеұлы.

Жәбірленушілер құқық қорғау органдарының табалдырығын қанша тоздырса да, еш нәтиже шықпаған. Ал компания алаяқтық фактін болғанын растап отыр.

"Біздің компанияға қатысты алаяқтық фактінің болғанын растаймыз. Тергеу құпиялығына байланысты басқа ақпарат бере алмаймын. Біз өз клиенттеріміздің алдында өз міндеттерімізді орындап келдік. Орындаймыз береміз де", - дейді "Тойота сити" орталығының заңгері Дастан Жақынов.

Элиталық салонның бұрынғы қызметкерлерінің үстінен қазірдің өзінде 13 адам арыз түсірген және әлі де көбеюі әбден мүмкін.

"Тергеу өндірісінің барысында міндетті түрде кінәлі адамдар анықталып, ол заң бойынша жауап беретін болады. Әлде де қылмыстық өндіріс кезінде басқа да жәбірленушілер келуі мүмкін деген болжамды біз жоққа шығармаймыз", - дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
11
7
6
1
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір