RU
Кеше ғана жеңіске жеткен Данияр Елеусіновтің екінші жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Кеше ғана жеңіске жеткен Данияр Елеусіновтің екінші жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев олимпиада чемпионының келесі жекпе-жегінің өтетін уақытын атады, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vesti.kz

Фото: vesti.kz

Әлиевтің айтуынша, келесі жекпе-жек 6 маусымда Лондонда өтеді.

"Қарсыластарды таңдау кезінде - біз мықтыларды таңдадық, бірақ Даниярдың олардан асатынын білдік. Келесі қарсылас та осал болмайды деп ойлаймын. Мықтырақ. Тәжірибесі молырақ. Бірақ, Данияр одан да асып түседі деген ойдамын. Ертең Флоридада боламыз, дайындық басталады. Дайындыққа үш аптамыз бар - соңғы аптасында Лондонда боламыз. Жерсіну қажет. Сағаттық белдеу де басқа. Барлығы жақсы болады, деп ойлаймын", - деді Әлиев.

Еске сала кетейік, бүгін, 29 сәуірде Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
0
1
6
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel