RU

Бостандыққа шыққаныма қуаныштымын: Талғат Аян үйіне оралды (фото)

29 сәуірде таңертеңгі пойызбен кеше Ақтөбедегі түзету мекемесінен босатылған азаматтық белсенді Талғат Аян Атырауға үйіне оралды деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azh.kz
Фото: azh.kz: UGC

Бұдан бұрын хабарланғандай, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген бөлігі оны 3 жыл жарымға шектеумен ауыстырылған болатын.

Вокзалда оны туыстары мен достары құшақ жая қарсы алды. Гитарамен ән айтылып, әуеде түрлі-түсті шарлар қалықтады.

"Бостандыққа шыққаныма қуаныштымын, бірақ Макс Боқаевтың әлі отырғанына қынжыламын. Бәріңізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет! ", – деді Талғат.
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729568-bostandykka-sykkanyma-kuanystymyn-talgat-aan-jine-oraldy-foto.html