RU

Отағасы картопты дұрыс аршымаған әйелін өлтіріп қоя жаздады

Кемеровода әйелін картопты дұрыс аршымағаны үшін пышақпен жарақаттаған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: i-sonnik.ru
Көрнекі фото: i-sonnik.ru: UGC

35 жастағы әйелдің белінен пышақ жарақтын алғанын анықтаған дәрігерлер бірден полиция шақыртқан. Құзырлы органдар анықтағандай әйелге пышақ салған онымен бірге тұратын сүйіктісі болып шықты.

Ер адам арадағы жанжал кезінде әйелді жарақаттап, жедел жәрдемді де өзі шақырған екен.

Қазір ол қамауға алынған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729571-otagasy-kartopty-drys-arsymagan-jelin-ltirip-koa-zazdady.html