RU
Жаңаөзенде жол ережесін өрескел бұзған қымбат көліктер видеоға түсіп қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жаңаөзенде жол ережесін өрескел бұзған қымбат көліктер видеоға түсіп қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Жаңаөзенде мемлекеттік нөмірсіз Lexus LX570, Toyota Land Cruiser 200 мен Volkswagen Touareg жолда "бәйге" ұйымдастарған деп хабарлайды "Лада" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, көлік жүргізушілері жол ережесін сақтамай, жолда қауіпті жағдай тудырған.

Портал бұл оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының ІІД сұрау жіберген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Toyota Land Cruiser және Lexus LX570 көліктері түнде мемлекеттік нөмірсіз жүріп, жол ережесін бұзған екен. Кейін полиция қызметкерлері ереже бұзғандардың кім екенін анықтаған.

Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің бес бабына сәйкес хаттама толтырылып, көлік жүргізушілеріне 158 730 теңге айыппұл салынған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
4
0
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel