RU
27 жастағы қазақ қызы Омбының супер келіні атанды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

27 жастағы қазақ қызы Омбының супер келіні атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

27 жастағы қазақ қызы Альбина Тагоева Омбы облысының супер келіні атанды. Қыз-келіншектер арасында жоғары сұранысқа ие дәстүрлі байқауды ұйымдастыруға "Омбы қазақтары" қоғамдық қоры мұрындық болған, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Альбина Тагоева. Фото: baq.kz

Альбина Тагоева. Фото: baq.kz

Отбасылық байқауға 25-33 жас аралығындағы келіншектер қатысты. Бақтарын сынағандардың қатарында қазақ, татар, орыс, неміс, казак, грузин және татар ұлттарының өкілдері болды. Супер келін байқауы алғашқы жылы қазақ келіндері арасында болса, биылғы жылы ұлтаралық мәртебеге ие болған.

12 келіншектің ішінен озып шыығып, байқаудың жеңімпазы атанған кірпік өсіру шебері, өнерпаз Альбина Тагоеваның әкесі – қазақ, анасы – орыс. Келіншек бойына қазақ-орыс мәдениетін сіңіріп өскен. Ал байқауда жолдасының мәдениетін паш етті.

Фото: baq.kz

Фото: baq.kz

"Менің ата-анам - құлағы естімейтін адамдар. Соғын қарамастан маған саналы тәрбие, сапалы білім берді. Осындай отбасында туып-өскендіктен, ымдау тілін жетік меңгергенмін. Біздің тату-тәтті жанұямыз – көпұлтты. Әкем – қазақ, анам орыс болса, жолдасым – тәжік ұлтының өкілі. Шынымды айтсам, Тәжікстанда тұратын енем мені қабылдамай жүрді. Алайда байқауға қатысқанымды көріп, көзқарасын өзгертті. Бұл байқау өміріме оң өзгерістер әкелді. Тіпті, Тәжікстаннан тәжік ұлттық киімін жолдады", - дейді Альбина.

Байқау жеңімпазына қолдан жасалған тәж бен 10,5 мың рубльдің сыйлағы табысталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
1
3
4
51
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel