RU
Дәрігерлер елімізде әйелдер арасында жатыр ісігі көбейгенін айтып дабыл қақты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Дәрігерлер елімізде әйелдер арасында жатыр ісігі көбейгенін айтып дабыл қақты

Рассказать Вконтакте

Дәрігерлер қатерлі ісіктен қайтыс болған әйелдердің саны күрт көбейіп барады деп дабыл қағуда. Күніне екі келіншек жатыр мойны ісігінен көз жұмады екен. Бұл туралы еліміздің бас онкологы мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: krestianin.ru

Көрнекі фото: krestianin.ru

"30 адамға арналған гинекология бөлімшесінде 35 пен 45 жас аралығындағы 25 әйел жатыр. Қашан дәрігерге көріндіңіз деп сұрасам, көбі 5-6 жылда бір де бір рет гинекологқа бармаған. Бәрінің уақыты жоқ, қолдары бос емес", - дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова.

Яғни, ауруын асқындырып жүріп алған науқастардың өздері кінәлі екен. Әйелдер он жылдан бері тегін өткізілетін скринингке келмейді дейді дәрігерлер.

Осы кезде елімізде жылына 1700 қыз-келіншек жатыр рагына шалдығады. Оның жартысы дертінен айықпай көз жұмады. Ерлер мен әйелдер арасында ішек, асқазан рагы да өршіп тұр. Сондықтан, шенеуніктер азаматтардың асын да қатаң қадағалауға кіріспек.

Министрлік Денсаулық сақтау кодексіне өзгеріс енгізбекші. Жаңа құжатқа сай, тұзды, тәтті, майлы тағамдарды жарнамалауға шектеу қойылады немесе бөлек салық салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
8
3
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel