RU
Ұшты-күйлі жоғалған ақтөбелік азамат бір жыл құлдықта болған
Жаңалықтар Қоғам

Ұшты-күйлі жоғалған ақтөбелік азамат бір жыл құлдықта болған

Рассказать Вконтакте

11 ай бұрын жоғалып кеткен Ақтөбе тұрғыны Жангелді Міржақып Темір ауданы Кеңқияқ ауылында құлдықта болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: chrontime.com

Көрнекі фото: chrontime.com

Агенттіктің жазуынша, орталық базарда жүрген Жангелді Міржақыпқа бөгде адам келіп ұсыныс білдірген. Сөйтіп, ол айына 30 мың теңгеге мал бағуға келіскен.

Осы келісіммен ер адам ауылға барып, ірі қара мал мен қой баққан. Алайда Жангелді Міржақыптың сөзінше, шаруашылық иесі оған жалақы төлемей кейде соққыға жыққан.

"Ақтөбе қаласының тұрғынына "2017 жылдың мамыр айында "мал бағасың, 30 мың теңге жалақы беремін" деп алып кетті. Қой, ірі қара мал бағып, жылқы қарадым. Кеңқияқ ауылындағы шаруашылық иесі уәдесінде тұрмай, маған жалақы бермей қойды. "Дұрыс бақпадың" деп ұрысып, анда-санда келіп ұрып кететін болды. Кетуге оқталып, қашқан кезде тауып алып, қайта жұмысқа салды", - дейді Жангелді Міржақып.

Айта кетейік, қойды қозысына қоса алмаған кезде шаруашылық иесі оны кезекті рет соққыға жыққан кезде сонда сауыншы болып жұмыс істейтін ауыл тұрғыны полицияға хабар береді. Құқық қорғау қызметкерлері құлдықта болған Жангелді Міржақыпты алып кетіп, кейін бұл хабарды аудан орталығына жібереді. Оның іздеудегі адам екені де сол кезде анықталады.

Жангелді Міржақыпқа бірнеше ай бұрын іздеу жарияланып, ішкі істер органдарының жоғалғандар тізіміне қойылған.

Бауырымен қауышқан отбасы енді облыстық прокуратураға арыз жазбақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
3
9
4
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір