RU
Перзентханада ауысып кеткен ер адам 51 жылдан соң ата-анасына іздеу салды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Перзентханада ауысып кеткен ер адам 51 жылдан соң ата-анасына іздеу салды

Рассказать Вконтакте

Жапонияда атын атағасы келмеген 51 жастағы тұрғын бәрі кеш болмай тұрғанда туған ата-анасын табудан үмітті. Алайда кезінде сәбилерді ауыстырып жіберген мекеме азаматқа көмектесуден бас тартып отыр деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Басылымның жазуынша, осыдан 51 жыл бұрын Жапониядағы беделді ауруханалардың бірі бірнеше адамның өмірін ойран еткен өрсекел қателікке жол берген. Белгілі болғандай мекемедегі акушерлер жаңа туған сәбилердің қолындағы анасының аты жазылған қағаздарды шастатырып алып, нәтижесінде екі сәби де өзге отбасында тәрбиеленген.

"Менің отбасым бақытты болуы керек еді. Алайда осындай қателіктің арқасында шаңырағымыздан шаттық кетті", - дейді ер адам.

Ауысып өзге отбасына барған балаға өсе келе айналасындағылар оғаш қарай бастайды. Себебі балақай туғандарының ешқайсысына да ұқсамайтын еді. Ал бастауыш сыныпта баланың қан тобы ата-анасымен сәйкес келмейтіні анықталады.

Баланың анасы өзі босанған мекемеден жауап алуға тырысқанымен олар жауап беруден бас тартады. Салдарынан үйдің отағасы әйелін "көзіме шөп салдын" деп отбасын тастап кетеді.

Ал 51 жыл өткеннен кейін оқиғаның қаһарманы ДНҚ тестің арқасында бар шындықты біліп, өзінің биологиялық ата-анасын іздей бастады. Ер адам бәрі кеш болмай тұрғанда өзін өмірге әкелген ата-анасын көргісі келеді.

Алайда сәбилерді ауыстырып жіберген аурухана оған көмектесуден бас тартып отыр. Олардың айтуынша, осыншама уақыт өткіп кеткен соң ер адамның шын отбасын мазалаудың қажеті жоқ. Енді азаматтың бар үміті елдің Денсаулық сақтау министрлігінде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
5
6
1
10
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір