Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі жыл бойы сахнаға шықпаған "Нысана" театры атауын өзгертіп жіберді

Опубликовано:

"Нысана" тобының жігіттері бүгінде "Ерекше шоу" атауымен продюссерсіз жаңа жобада жұмыс істеп жатқан жайы бар. Жаңа атаумен жақында Алматыда концерт өткізуді жоспарлап отырған топ мүшелері соңғы жаңалықтарымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Нысана" театры
"Нысана" театры: UGC

Елге "Бауыржан шоу" театры арқылы танымал актер Әбунасыр Серіков "Нысана" әзіл-ысқақ театрының негізін қалаған. Топ құрамы жайдарманшылардан тұрады. Біраз жылдар бойы бірге жұмыс істеген продюсердің соңғы екі жылда топтың шығармашылына көңіл бөлуге уақыты болмаса керек биылдан бастап жігіттер продюсердің жеке жұмыс істеуді жөн көріпті.

Айтуларынша, Әбунасыр Серіков қазір отандық фильмдерге жиі түсіп жатқанына байланысты топпен жұмысты уақытша тоқтатқан. Дегенмен, топ мүшелері: "Ерекше шоу" жобасы өз мәресіне жеткен соң, бұрынғы продюссрмен жұмыс істеуді қайтадан жалғастырамыз" деп отыр.

Соныман қатар, жігіттер жаңа жобаны жаңа атаумен бастауды жөн көріпті.

"Нысана" театры уақытша "Ерекше шоу" болып аталады. Тіпті өзгерген тек топтың атауы емес, құрамы да: "Топ құрамын жаңарттық, яғни тағы да жігіттер қостық. Осы жоба бойы олар бізбен бірге жұмыс істейтін болады", - деп сөзін жалғаған әзілкештер тіпті көрерменге тосын сый ретінде дайындаған топтың су жаңа мүшесі туралы да айтып берді.

"Арамызға қосылған Дәулет есімді жігіт. Дәулет осы уақытқа дейін сахнаға ән айтып шыққан. Басқа жігіттер сияқты жайдарманда ойнамаған. Дегенмен, Дәулет нағыз "дала сахнасынд" өскен жігіт. Оның өнерін өздеріңіз көріп, бағасын берерсіздер", - дейді құпияларымен бөліскен жігіттер.

"Бұл біздің продюссеріміз Әбунасыр Серікков ағамыздан бөлек жасап отырған алғашқы жобамыз. Бұл белгілі бір телеарна ұсынған телевизиялық жоба, бағдарламаны толықтай пісіріп, теледидарға дайын қылып шығару үшін, алдымен халыққа көрсетуді жөн көрдік. Сондықтан наурыз айының басынан бастап оңтүстік өңірлерді аралап келеміз, әзірге бәрі тамаша, халық бізді жылы қабылдап жатыр", - дейді олар.

"Ерекше шоу" екі жылдан бері сахнаны сағынған актерлердің жаңа жобасы болмақ. Өзге театрлардан ерекшелігі, бұл жолы жігіттер LED экранмен жұмыс істеп, халықты таңғалдырмақшы және бұдан бөлек көрермендерді түрлі тосын сыйлар күтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1729603-eki-zyl-bojy-sahnaga-sykpagan-nysana-teatry-atauyn-zgertip-ziberdi/

pixel