RU
Ғалымдар адам өмірін 10 жылға ұзартатын бес құпияны ашты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар адам өмірін 10 жылға ұзартатын бес құпияны ашты

Рассказать Вконтакте

Темекі мен алкогольды өнімдерден бас тарту, дұрыс тамақтану, аз салмақ пен күн сайынғы дене жаттығулары адам өмірін 10 жылға дейін ұзартатыны белгілі болды. Бұған Гарвард университінің ғалымдары сенімді. Олардың зерттеу жұмысы Circulation журналында жарияланған деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: sanandonos.cl

Иллюстрациялық фото: sanandonos.cl

"Біздің зерттеуіміз салауытты өмір салты ұзақ өмір сүрудің басты тәсілі болып қала беретінін көрсетіп отыр. Сондықтан саясаткерлер мен шенеуіктер халық арасында дұрыс тамақтанып, жаттығулармен айналысып, бойды жаман әдеттерден аулақ ұстайтын ортаны қалыптастыруға барынша күш салуы керек", - дейді Гарвард университетінің маманы Фрэнк Ху

Ғалымар мен олардың әріптестері дұрыс тамақтану мен спорт тұқым қуалайтын аурумен ауырмайтын орта жастағы адамдардың өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететінін анықтап көруге тырысқан.

Бұл үшін NHS және NHANES жобасының аясында 30 жыл бойы 40 мың медбике мен дәрігердің денсаулығын бақылау барысында жиналған мәліметтерге талдау жасалынған.

Зерттеу нәтижесінде семіздік пен зиянды әдеттер адам өмірін 12-14 жылға қысқартса, барлық бес әдісті сақтаған адамдар 87-ден 93 жасқа дейін өмір сүрген. Сонымен қатар оларда жүрек және рак ауруларының қатері төмендеген. Ал қалған қатысушылар 75-79 жаста қайтыс болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
1
2
8
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel