RU

Астанада бүтін бір саябақ жоғалып кетті (фото)

Астананың Тұңғыш президент кітапханасы маңындағы саябақ құрылыс алаңына айналды. Жергілікті тұрғындар ондағы ағаштардың тағдырына алаңдаулы. Бұл туралы NUR.KZ порталы Крыша.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Саябақ орны. Фото: krisha.kz / Максим Дементьев
Саябақ орны. Фото: krisha.kz / Максим Дементьев: UGC

Тұрғындар бірнеше күн ішінде саябақ қоршалып, ондағы ағаштар жоқ болғанын айтуда. Субұрқақтар да орнынан алынып тасталыпты.

Фото: krisha.kz / Максим Дементьев
Фото: krisha.kz / Максим Дементьев: UGC

Белгілі болғандай, оның орнына Мәдениет орталығының 3-7 қабатты ғимараты салынбақ екен.

Тұрғындар қазылып алынған ағаштардың тағдырына алаңдаулы.

Фото: krisha.kz / Максим Дементьев
Фото: krisha.kz / Максим Дементьев: UGC

Бюджеттен қыруар ақша бөлініп, өсіріп-бапталған ағаштардың қайда кеткені туралы сұраққа әкімдік әзірге жауап бермепті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729631-astanada-btin-bir-saabak-zogalyp-ketti-foto.html