Выйти
RU

Канелоның командасы Головкинді сотқа берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің адвокаттары Геннадий Головкиннің үстінен сотқа берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Геннадий Головкин. Фото: abctv.kz

Геннадий Головкин. Фото: abctv.kz

Олар қазақстандық боксшыны ақпанда "Канелоның" допинг-тесті оң нәтиже көрсетті деген диффамация (шындыққа жанаспайтын және ар-ожданға нұқсан келтіретін ақпарат) жібергеніне кінәлауда.

Еске салсақ, сол кезде Головкин Альваресті допинг қолданды деп айыптап, "алаяқ" атаған болатын.

ESPN журналисі Сальвадор Родригестің айтуынша, Геннадий бұл сотқа жеке қатысуға мәжбүр болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Канелоның командасы Головкинді сотқа берді