Выйти
RU

Семейде қайырымды жандар алты баланың анасына үй тарту етті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Семейде қайырымды жандардан тегін үй алған алты баланың анасы көзіне жас алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Үйдің кілтін табыстау сәті. Видеодан скриншот

Үйдің кілтін табыстау сәті. Видеодан скриншот

Қуанышты хабарды отандық әнші Серік Ибрагимов желі парақшасында жариялаған.

"Жаратқан иеме сансыз мадақ! Сүйінші! "Харекет" қайырымдылық қоры сегізінші үйді иесіне табыстады. Семей қаласында алты баланың анасы Тоғжан Нұржанқызына берілді! Ой-ниетімен, сөз-дұғасымен, қаражат-қаржысымен үлес қосқан барша жанға Алла разы болсын!", - деп жазды Серік Ибрагимов.

Әнші бұл қуанышты сәттің видеосымен де бөліскен. Видеода көпбалалы анаға имамның үй беріліп жатқанын хабарлағаны байқалады.

"Үйіңіз құтты болсын... Мешіттің атынан үй алып беріп тұрмыз" деген имамның сөзіне жас келіншек біраз уақыт сене алмады.

"Түсіне алмай тұрмын... Қорқамын... Қалжыңдап тұрсыз ба?", - деп көзіне жас алды көпбалалы ана.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Семейде қайырымды жандар алты баланың анасына үй тарту етті (видео)