Выйти
RU

Ақмола облысында құдалыққа шыққан төрт адам жол апатынан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында 30 сәуір күні құдалыққа шыққан төрт адам жол апатына түсіп, көз жұмды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жол апаты. Көрнекі фото: telegraf.com.ua

Жол апаты. Көрнекі фото: telegraf.com.ua

Астана-Қорғалжын тас жолының 97 шақырымында Jac көлігі аударылып түскен. «Қазавтожол» мәліметіне сәйкес, көлікті 1980 жылғы Астана тұрғыны басқарады.

Әйел көлікке ие бола алмай, Jac маркалы көлігі аударылып түскен. Төрт адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Сонымен қатар, зардап шеккен ер адам мен келіншек Астананың емханасына жеткізілген.

Сабынды ауылынан жедел жәрдем он минутта келіп жеткен. Белгілі болғандай, барлық жолаушылар құдалыққа бара жатыпты. Қылмыстық іс қозғалды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақмола облысында құдалыққа шыққан төрт адам жол апатынан көз жұмды