RU
Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Рассказать Вконтакте

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде Маңғыстау облысының тарихында тұңғыш рет Күн сәулесінен электр қуатын алатын станция ашылды және Теңіз суын тұщытатын зауыттың алғашқы тасы қаланды.

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстанда теңдесі жоқ жоба – күн сәулесінен электр қуатын алатын станцияның ашылуына қатысты.

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Мұнайлы ауданы Батыр ауылында қуаттылығы 2 Мвт күн сәулесінен электр қуатын алатын станцияның жалпы ауданы – 36,05 га, жоба құны – 1,2 млрд теңге.

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Нысан «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы арқылы қаржыландырылды. Электр станциясын пайдалану үшін 8580 күн панелі орнатылған.

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Панельдер Қазақстанда отандық кремнийден өндіріледі. Бұл – отандық өндірістегі күн батареяларында жұмыс істейтін тұңғыш электр станция. Жаңа қондырғы 300-ге жуық үйді таза электрмен қамтамасыз етеді.

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

«2017 жыл – Қазақстан халқы үшін табысты жыл болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында күллі әлем назарын аударған «Болашақ энергиясы» ұранымен «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі кең ауқымда аталып өтті. «Болашақ энергиясы» жобасының түпкі мақсаты – тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылды», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Сондай-ақ, Құрық ауылында Теңіз суын тұщытатын зауыт құрлысының алғашқы тасы қаланды. Жоба құны – 39 млрд. теңге. Қуаттылығы тәулігіне 50 000 текше метр болатын зауыт жеке инвесторлардың қаражатымен салынады.

Құрылыс кезінде 300 адам, пайдалануға берілген соң 150 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның аяқталу мерзімі 2020 жылға белгіленіп отыр.

«Бүгінгі мереке күні аясында өңірімізде бірнеше ірі жобалар басталмақ. Құрық ауылында теңіз суын тұщыту зауытының жобалық-іздестіру және құрылыс жұмысын бастаудың орайлы сәті келді деп есептеймін. Бұған қоса Ақтау, Жаңаөзен, Жетібай, Мұнайшы, Құрық, Шетпе елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету және ауылшаруашылық саласын дамыту мәселесін толықтай шешуге мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір