RU
Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті (фото)

Рассказать Вконтакте

1 мамыр - Бірлік күні кең ауқымда аталып өтті. Ел бірлігін нығайтуға бағытталған кешенді шаралар сәуір айынан бастау алды.

Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Мерекелік шаралар дүбірлі концерттер, шерулер, көрмелер, жәрмеңкелер мен спорттық сайыстарға ұласты. Шаһардың барлық аумағында түрлі мерекелік шаралар жоспарланған.

Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

«Отанымыз – ортақ үйіміз» атты өлке шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерттері, этно-мәдени бірлестіктердің ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі, қала кәсіпкерлерінің мерекелік жәрмеңкесі мен түрлі спорттық шаралар өтті (қазақ күресі, асық ату, арқан тарту, гір көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, дартс, шахмат және т.б.).

Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Ал Қашаған ескерткішінен «Астана» алаңына дейін қала кәсіпорындары мен мекемелері еңбек ұжымдарының шеруі ұйымдастырылды. Аталған шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, тұрғындарды бірлік күнімен құттықтады.

«Баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бейбітшілік пен достықтың, бірлік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың белгісін айшықтайтын мерейлі мейрам.

Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Күні кеше ғана Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп атап өтті. Бұл «Бес бастама елдің әл-ауқатын жақсартумен бірге, ұлтты ұйыстыра түсудің тағы бір қыры – әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталғаны» сөзсіз.

Біріншіден, Еліміздегі экономиканы дамытуға, еліміздің барлық тұрғындарының әл-ауқатын арттыру. Өңірдегі халықтың игілігіне арнап жасалынып жатқан барлық әлеуметтік, мәдени және спорт нысандарын салу. Біз бүгіннің өзінде, мереке қарсаңында облысымызда бірқатар маңызды нысандар бой көтергендігін атап өткен артық емес деп есептеймін (Құрық елді мекеніндегі су тұщыту зауытының жобасы ұсынылды; Мұнайлы ауданында күн сәулесінен электр қуатын алатын станцияның ашылуы).

Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Маңғыстауда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Екіншіден, әлеуметтік капиталға салынатын инвестиция көлемін арттыру. Бүгінде біздің облысымызда бұл бағытта атқарылып жатырған жұмыстар аз емес. Бір ғана дәлел инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 80,2 пайыздан 101 пайызға көтерілді.

Былтыр кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында өңірімізде бес жоба іске қосылды (жалпы құны 70,7 млрд теңгені құрайтын 419 жұмыс орны ашылды). Биыл 2018 жылы тағы бес жобаны іске қосу жоспарда», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, теннис орталығында Ерқосай батырдың құрметіне дзюдодан халықаралық турнир өтті. Мерекелік тартулар М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Сонымен қатар, қала саябақтары мен алаңдарында флешмобтар және әр-түрлі форматта шаралар өткізілді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel