RU

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстікте шаңды дауыл болып, кей жерлерде желдің күшеюі, тұман түсуі мүмкін деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында найзағай болады.

Алматы, Қарағанды облыстарының, күндіз Батыс Қазақстан облысының, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729698-aua-rajy-kazakstanny-basym-bliginde-zauyn-sasyn-zauady.html