RU
Бразилияда көк тіреген ғимарат құлады: Адам шығыны есептеліп жатыр (виедо)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Бразилияда көк тіреген ғимарат құлады: Адам шығыны есептеліп жатыр (виедо)

Рассказать Вконтакте

Бразилияның Сан-Паулу қаласында 26 қабатты ғимарат өртке оранып, ақыры құлап қалды деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото желіден алынды

Фото желіден алынды

Куәгерлердің айтуынша, ғимарат құламас бұрын оның жоғарғы қабатында жүрген адамдардың жанұшыра көмекке шақырғанын байқаған.

Ал кейбірі тіпті, тұрған орнының биіктігіне қарамастан, жерге қарай секіріп кеткен екен. Кей мәліметтерге сәйкес, қараусыз қалған мұнараны үйсіз жандар паналап жүрген екен.

Әзірге белгілісі, жантүршігерлік өрттен бір адам қаза тауып, 45 адам жоғалып кеткен. Сондай-ақ ғимарат құлаған кезде бірнеше өрт сөндіру көлігіне зақым келді.

Айта кету керек, тілсіз жау бесінші қабаттан басталып, басқа қабаттарға тез тарап кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
7
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel