RU

Алматыда Toyota Hilux көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (фото)

Алматыда жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған азаматты қымбат шетелдік көлік қағып, мерт қылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шамамен 25-30 жастағы жігіт Құлжа трактінің Рысқұловқа жақын жердегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Hilux көлігі қатты жылдамдықпен келіп, жолаушыны қағып кеткен. Ал жүргізушінің өзі адамды байқамай қалдым деп отыр.

Жәбірленуші азамат оқиға орнында тіл тартпастан мерт болды. Оның қалтасынан ешқандай құжат табылмаған.

Полиция қызметкерлері оның аты-жөнін анықтап, істің мән-жайын тексеруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729701-almatyda-toyota-hilux-kligi-zaau-zrginsini-kagyp-ltirdi-foto.html