RU
Ақтауда бір сыныпта 12 ұлттың өкілі білім алып жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда бір сыныпта 12 ұлттың өкілі білім алып жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтаудағы 23-мектептің 4-сыныбы көпұлтты Қазақстанның көшірмесі саналады. Бұл сыныпта 12 ұлттың өкілі білім алып жатыр деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

Мектепте өтетін ашық сабақтарға, мерекелік шараларға әр оқушы өз ұлтының киімін киіп келеді, өз тілінде өнер көрсетеді.

"Мақсатымыз - Қазақстан халқының достығын насихаттай отырып, балаларды бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу. Себебі еліміздің ең басты байлығы - ұлтаралық татулық", - дейді мектеп ұстаздары.

4 "Б" сыныбының оқушылары 12 тілде амандаса алады. Себебі мұнда қазақ, орыс, кәріс, армян, ингуш, татар сияқты 12 ұлттың баласы оқиды. Бұл балалардың жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір. Мектеп табалдырығын аттағалы 4 жылдың ішінде оқушылар бір-біріне бауыр басып, достасып үлгерді.

"Менің көп досым бар. Олар басқа ұлттан. Біз олармен тату-тәттіміз. Ешқашан керіспейміз. Мен Қазақстан елінде өмір сүріп жатқаныма мақтанамын", - дейді 4-сынып оқушысы Нұрдәулет Әлімбеков.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір