RU
Ауыр дертке шалдыққан ару Талдықорғандағы сұлулық байқауында жеңіске жетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ауыр дертке шалдыққан ару Талдықорғандағы сұлулық байқауында жеңіске жетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Талдықорған қаласының тұрғыны Мира Алтаева ауыр дертпен дүние есігін ашып, онымен өмір бойы күресіп келеді. Алайда ауруды "бақытына шектеу" деп көрмеген ол сұлулық байқауына қатысып, өмірдің қызығына тоймай жүр деп жазады NUR.KZ.

Фото: Жеке мұрағаттан алынды

Фото: Жеке мұрағаттан алынды

34 жастағы келіншек ата-анасы мен бауырларының арқасында өзін ешқашан жарымжан сезінбегенін айтады. Ол мектепті бітірген соң Жетісу мемлекеттік университетінде мемлекеттік грантпен оқиды. Одан кейін Бішкектегі Орталық Азияның Америкалық университетіне оқуға барады. Ғылымға құмар ару көрші елде сапалы әрі қолжетімді білім алып қайтқанына мақтанады.

Алайда ол оқуын бітіріп келген соң, Талдықорғанда жұмысқа кіру үшін біраз қиындықтарға тап болған.

Фото: Жеке мұрағаттан алынды

Фото: Жеке мұрағаттан алынды

"Оқу бітірген соң бірнеше жерде сұхбаттасуға бардым. Бірақ бір жыл өткен соң ғана өзіме лайықты жұмысты таптым. Қазір мектеп мұғалімдерінің білім санатын көтеру бойынша жобамен жұмыс істеп жүрмін. Ол үш айда бітеді. Содан кейін тағы да жұмыс іздеймін", - дейді ол.

Жоғары білімді бойжеткен әлеуметтік желі арқылы өзінің болашақ жарымен танысып, бүгінде екі баланың анасы атанған.

"Қызым мен ұлым екеуі де араға үші салып 25 қазан күні дүниеге келген. Олар ес біле салысымен ағылшын тілін үйрете бастадым. Ал жарым балаларды музыкаға баулығысы келеді.

Қазір басты уайымымыз - өз пәтеріміздің жоқтығы. Біздің шағын отбасымыздың өз баспанасы болса, мен үшін үлкен бақыт болар еді", - дейді Мира.

Фото: Жеке мұрағаттан алынды

Фото: Жеке мұрағаттан алынды

Келіншектің сөзіне сүйенсек, ол мүгедектігінің салдарынан көптеген жерге бара алмай қалады екен. Алғашқы кезде тіпті, далаға шығуға ұялған көрінеді. Себебі көшеде жұрт оған таңырқай қарап, бір-біріне сыбырлай жөнеліпті. Оған мән бермеуді үйрені үшін Мира көп кітап оқып, өзін-өзі іштей дамытқан.

22 сәуір күні Мира Талдықорғандағы сұлулық байқауына қатысып, "Бірегей ару" аталымын жеңіп алған.

"Байқау ұйымдастырушыларына алғысым шексіз. Барлық мүгедектерге өзін модель ретінде сезініп, қызыл кілеммен жүріп өтетін тамаша мүмкіндік туа бермейді.

Өзім сияқты адамдарға бұл жігер сыйлап, өмірден қуаныш табуға көмектессе екен деймін. Мен өз дертімнен ешқашан айықпайтынымды білсем де, оны қабылдап, бақытты өмір сүруге тырысып жүрмін", - деп сөзін қорытындылады Мира.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
1
14
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel