RU
Астанада бір мезетте 500 адам Құрманғазының күйлерін орындап, елді тәнті етті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада бір мезетте 500 адам Құрманғазының күйлерін орындап, елді тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Астанадағы "Бәйтерек" монументі маңында "Ұлы дала үні" атты домбырашылар флешмобы өтіп, бір мезетте 500 адам Құрманғазының атақты күйлерін орындады деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шараның шымылдығын қазақтың қос айтыскер ақыны ашты. Алқалаған әлеумет алдына шыққан Мұхтар Ниязов пен Мейірбек Сұлтанхан жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтап, арнауларын айтты.

Олардан кейін "Бастау" домбырашылар тобы Әбдімомын Желдібаевтың әйгілі "Ерке сылқым" күйін шертсе, "Номад" ұлт аспаптар ансамблі түрлі күйлерден поппури орындады.

Осылайша қазақ күй өнерінің жеті мектебінен келген өкілдерге оркестр қосылып нәтижесінде 500 адам бір мезетте дәулескер күйші Құрманғазының "Адай", "Балбырауын", "Сарыарқа" күйлерін күмбірлетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
26
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel