RU
Ардақ Назаровтың шәкірті өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді
Жаңалықтар Қоғам

Ардақ Назаровтың шәкірті өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Мырза Еркінбеков өзбек спортшысын нокаутпен жеңді деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Қарағанды қаласында аралас жекпе-жектен өткен Abadan Fighting Championship 2 турнирінде сынға түскен Мырза Еркінбеков өзбекстандық Муxамоджан Каюмовпен жұдырықтасты.

Отандасымыз алғашқы раундтан бастап жойқын соққыларын дарытып, 1 раундта-ақ теxникалық нокаутпен жеңіске жетті! Жеңіл салмақта сынға түскен отандасымыз сегізбұрыштағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Мырза Еркінбек аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровтың шәкірті. Ол соңғы жекпе-жегін Naiza Fighter Championship 13 турнирінде өткізіп, өзбекстандық спортшы Жасур Азимовты 1 раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
3
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel