RU
Беделханмен жауласқан отандық топ адам шошырлық пәтерін көрсетті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Беделханмен жауласқан отандық топ адам шошырлық пәтерін көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Есболат Беделхан мен Black Dial тобының бұрынғы өнерпаздарының арасындағы айқасқа әлі күнге дейін нүкте қойылар емес. NUR.KZ редакциясына келіп түскен видеода аталмыш топтың экс-мүшелерінің тұрған пәтері көрсетілген. Роликте топ құрамында жүргенде адам шошырлық жағдайда өмір сүргенін аңғаруға болады. Олар өздері мекен еткен баспананы таспаға түсірген.

Блэк дайль

Блэк дайль

«Қысқасы, бізде осындай тарақандар. Осындай толған тарақандар бізді шағады. Біздің үйіміз қысқасы күшті. Мынау біздің зал! Осында тұрамыз. Құрттап бара жатырмыз, құрттап. Қысқасы, біздің қамтамасыз еткені осы. Мына тарақандарға адам сенбейтін шығар. Өлтіріп, қанын шығарайықшы. Сонымен солай!», - дейді «Black Dial» тобының экс-әншілері өздері түсірген видеода.

Айта кетейік, Есболат Беделхан топтан кеткен жігіттерді жауапкершілікке тартатынын айтып, олардан 96 миллион теңге талап еткен болатын. Ал продюсер мен жоба арасындағы келісімшартқа қатысты «Black Dial» тобынан кеткен өнерпаздардың айтары бар.

«Бұл кісілерге біз дайын топ ретінде келдік. Бізге келісімшарттың «черновой» нұсқасын берген болатын. Ол жерде екі жақтың да көңілінен шығатындай жазбаша сөздер және ауызша да айтылған болатын. Нақтырақ айтатын болсақ, біздің дайындалатын орынымыз, би және вокал орыны болу керек еді.

Онымен қоса бізді толықтай қамтамасыз ету керек болатын. Ал 96 миллион айыппұл ретінде сөз ауызша да, жазбаша да болған жоқ. Топтан кеткен жағдайда 7 жыл бойы жұмыс жасамау туралы да айтылмаған.

Екінші күні біз келісімшартқа қол қоюға келдік. Ол жерде бізге басқа келісімшарт алып келді.

Сол кезде бізге айтты: «Жігіттер, егер бізге сенетін болсаңдар, осы келісімшартты оқымай қол қойыңдар» - деді.

Ол кісінің сынағы болған шығар. Біз өнерге шөлдеп келгеннен кейін, бұл адамдарды біз халыққа танымал екенін білетін болғандықтан, келісімшартқа қол қойған болатынбыз. Біздің экс-продюсерлерімізбен көптеген келіспеушіліктер болды. Қандай келіспеушіліктер? Бізді қамтамасыз ету жағы дұрыс орындалмады. Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, бір жарым ай пәтерден басқа қамтамасыз ету болмады.

Яғни, біз өзіміздің қаражатымызды, өзіміздің қалтамыздан шығардық», - дейді топтың экс-мүшесі Ескелді Қуандық.

Бойзбендтің бұрынғы мүшелері продюсерлік орталықпен арадағы кикілжіңді сот арқылы шешуге бекінген. Тіпті қорғаушылар кеңесіне жүгініп, арнайы адвокатпен де жұмыс жасап жатыр.

«2016 жылдың 1 желтоқсанында «YB Entertainment» продюсерлік орталығымен Ескелді Қуандық пен Самат Қазмағамбетов келісімшартқа отырған. Өкінішке орай келісімшарттың екі тұпнұсқасы да продюсерлердің қолында қалған.

Осы жылдың ақпан айындың бұл жігіттер адвокаттар кеңесіне жүгініп, болған жайдың барлығын баяндап берді. Олардың құқығы тапталғанын көріп, біз көмектесуді жөн деп шештік. Ендігі мәселені сол арқылы шешуді көздеп отырмыз », - дейді адвокат Қанатбай Қашкенов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
4
21
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel