Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың жұбайы күйеуін ешқашан қызғанбағанын айтты (видео)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова осы күнге дейін үнемі гастолдетіп жүретін күйеуіне деген ешқандай қызғаныш сезімі болмағанын айтты. Айтуынша, оның қызғанбауына жарына деген сенімі әсер еткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат оны жыл бойы жасырған Жұлдыз күйеуін ешқашан қызғанбағанын айтты (видео)
Фото: Instagram: UGC

Бұл туралы Жұлдыз "Ел аузында" бағдарламасына берген сұқбатында айтқан.

"Халықтың, елдің азаматы болғандықтан, мен оны қызғануға ешқандай хақым жоқ. Мен сенемін. Жолдасыма сенемін. Сондықтан қызға бола, басқаға бола ұрсысу деген бізде болған жоқ. Себебі ол - бос дүние", - деп ағынан жарылды Жұлдыз.

"Біздің отбасыда жалпы бәрі ортақ шешімге келіп тіреледі. Әркім өз ойын айтады. Әрқайсысы пікірін білдіреді дастархан басында. Соңында бір шешімге келеміз. Біздің үлкендеріміз не айтады, сол болады", - деді Жұлдыз.

Оның бұл жауабын естіген желі қолданушылары әдеттегідей түрлі пікірлерін жаудырды.

Бірі оның жауабын шынайы деп бағаласа, екіншілері сөзіне сенбестік танытты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1729728-kajrat-nrtasty-zbajy-kjeuin-eskasan-kyzganbaganyn-ajtty-video/

pixel