RU
Қызға таласқан жігіт оқушыны бір соққымен өлтіріп тастады
Жаңалықтар Әлемде

Қызға таласқан жігіт оқушыны бір соққымен өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Ыстық көл маңында екі жігіт бір қызға таласып, төбелесіп қалды. Олардың бірі тіл тартпай кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төбелес. Көрнекі фото: Новости Волгограда

Төбелес. Көрнекі фото: Новости Волгограда

29 сәуірден 30-на қараған түні шамамен түнгі бір жарымда тоғызыншы сыныптан кейін оқуын тастап кеткен 2001 жылғы азамат 11 сынып оқушысымен төбелеске шығады.

Екеуі де достарын ерте келгенімен, қызға таласқандықтан, жекпе-жекке шығуды ұйғарған.

2001 жылғы азаматтың соққысынан 11 сынып оқушысы есінен танып қалады. Оны бірден емханаға алып барғанымен, жас жігіт есін жимастан тіл тартпай кеткен.

Оқиғаға кінәлі жігіт қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
5
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір