RU

Атырауда 13 жастағы қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Атырауда 2005 жылғы қыз бес қабатты үйдің үшінші қабатынан құлап кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Терезе. Көрнекі фото: oknazavoda.ru
Терезе. Көрнекі фото: oknazavoda.ru: UGC

Оқыс жағдай Атыраудағы Нұрсая ықшамауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде болған.

Белгілі болғандай, балақай үшінші қабаттың терезесінен абайсызда құлап кеткен. Ол бірден емханаға жеткізіліп, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729733-atyrauda-13-zastagy-kyz-sinsi-kabatty-terezesinen-klap-ketti.html