RU
Жұмыссыз әйел мейрамханада жаңылысып, 2,5 миллион теңге төлеп кеткен
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жұмыссыз әйел мейрамханада жаңылысып, 2,5 миллион теңге төлеп кеткен

Рассказать Вконтакте

Францияда тұратын ресейлік Олеся Шемякова өзі тамақтанған мейрамханаға байқаусызда 7,7 мың доллар (2,5 миллионнан асады) төлеп кеткен деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: thefederalistpapers.org

Көрнекі фото: thefederalistpapers.org

Әйел швейцариялық мейрамханада бар болғаны бір кескен тәтті нан мен кофе алыпты. Олеся алған тағамы үшін ақшаны банктік картамен төлемек болған. Алайда тапсырыс сомасын жазатын орынға ол абайсызда PIN-кодын жазып жібереді.

Аталмыш оқиға ағымдағы жылдың ақпан айында орын алған. Францияда жұмысқа әлі орналаспаған әйел кейінірек банктен шығындар есебін алған кезде, өзінің қателескенін түсінген.

"Мен есепшотты көрген кезде талып түсе жаздадым. Бұл ақшаға Францияды бірнеше ай өмір сүре алатын едім", - дейді ол.

Фото: Blick

Фото: Blick

Басылым мәліметтеріне сүйенсек, жаңылысқан әйелге полиция да, банк те көмектесе алмай отыр екен. Содан кейін ол мейрамхана басшылығына өзі жолығып, мән-жайды түсіндіреді.

Ал кафе иесі Олесяға барлық ақшаны толықтай қайтарып беруге уәде еткенімен, кейінірек сөзден тайқып, қоңырауларына жауап бермей қойыпты.

"Мейрамхана иесінің ағасы маған ақшаны қайтарамын деп отыр. Бірақ мен оған сенбеймін. Қазір шу шығып кеткен соң, осылай айтып отыр. Ол біраз тыныштанған кезде қайтадан мені алдап кетпекші", - дейді әйел.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
2
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір