RU
Екі күйеу, екі көңілдесімен тату өмір сүріп жүрген әйел жұртты таңғалдырды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Екі күйеу, екі көңілдесімен тату өмір сүріп жүрген әйел жұртты таңғалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Альбион аралының 44 жастағы тұрғыны Мери Камптон заңды түрде некелескен күйеуінен бөлек үш жігіт барын мақтанышпен айтады. Себебі ол ешкімді алдамай-ақ тату-тәтті, бақытты өмір кешіп жүр деп хабарлайды lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lemurov.net

Фото: lemurov.net

Алғашында Мэри ұзақ уақыт бойы бір ғана жігітпен кездесіп жүрген. Кейінірек тұрмысқа шықса да, басқа жігіттермен көңіл жарастыруын тоқтатпаған. Содан кейін онымен ажырасып, басқа азаматты кездестіреді. Бұл жолдасы "бірнеше адамды жақсы көретін" типтегі адамдар қатарынан болып шығады.

Фото: lemurov.net

Фото: lemurov.net

Бірақ әйел мұнымен де тоқтамай, тағы да басқа жігіттті ұнатып қалады. Ол өзінің құрдасы Тимамен біраз уақыт бірге тұрған соң, екеуі үйленеміз деп шешкен.

Тимамен заңды некеде тұрғанына қарамастан, Мэри Джон есімді азаматты кездестіріп, онымен де көңіл қосқан. Ұлыбританияда бірнеше некеге рұқсат етпейтіндіктен, ол Джонмен "қыз-жігіт" ретінде кездесіп жүр. Әйелін жан сырын түсінген Тима олардың бейресми түрде үйлену тойын жасауға көмектескен.

Фото: lemurov.net

Фото: lemurov.net

Қазір Мэри, Тима және Джон бір шаңырақ астында тұрады. Ер азаматтар өздерінің сүйіктісі үшін жанжалдаспайды екен. Барлығы бір-бірін түсініп, сыйластық танытатын көрінеді.

Мэридің айтуынша, ол әр жігіті мен күйеуін өзінше жақсы көреді. Мәселен бір күйеуімен экология мәселелерін талдағанды ұнатады. Ал үйіндегі жігітімен ғылыми фантастиканы талқылайды екен.

Ең қызығы, британдық әйелдің бұдан бөлек тағы екі жігіті бар екен. Мэри 73 жастағы Джейспен футбол матчында танысса, 63 жастағы Майклмен караоке-барында танысқан екен. Крамптон көпшіліктің сынына жиі ұшырайтынын жасырмайды.

Фото: lemurov.net

Фото: lemurov.net

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
4
6
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір