RU
Жылан шаққаннан кейін қиға оранып өзін емдемек болған әйел тіл тартпай кетті (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Жылан шаққаннан кейін қиға оранып өзін емдемек болған әйел тіл тартпай кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Уттар-Прадеш штатына қарасты Буландшахр қаласында келеңсіз оқиға орын алды. 35 жастағы әйел жылан шаққаннан кейін дәрігерлер көмегіне жүгінбей өзін-өзі емдемек болған. Дәстүрлі әдіске жүгініп қиға оранған азаматша тұншығып қайтыс болды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Девендри есімді азаматша өзін жылан шаққаннан кейін күйеуімен ақылдасып, ауруханаға емес жергілікті жылан арбаушыға барып ем алуды жөн көрген. Ол ерлі-зайыптыларға жылан уын басып тастауға дәстүрлі әдісті қолдануға кеңес беріп, 35 жастағы әйелді сиыр тезегінің астына көміп тастады.

Арбаушының бұл әрекетіне барлық жергілікті тұрғындар куә болған.

Оның айтуынша, Девендри тезек астында жатып аз уақыт ішінде айығып кетуі керек болған. Алайда жылан арбаушысының айтқаны келмеді.

Қи астында 75 минут бойы жатқан әйел ақыры тұрмады. Ол тұншығып оқиға орнында көз жұмған. Әйелінен айырылған ер адам енді бес баланы бір өзі өсіріп жеткізуге мәжбүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
1
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel