RU

Ғалымдар жойқын жер сілкінісі болатынын айтып, дабыл қақты

Дэвид Якобсон бастаған бір топ жаңазеландиялық зерттеушілер тарихта сирек кездесетін жойқын жер сілкінісі болатынын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы vlasti.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кентербери университетінің ғалымдары Чили астанасы Сантьягода таяу арада 8,3 балдық жер сілкінісі болады деген пікірде.

Бұған дейін аталмыш өңірде 1960 жылы 9,5 балл көрсеткішімен әлем тарихындағы ең жойқын жер сілкінісі тіркелген болатын.

Енді одан кем түспейтін тағы бір жойқын жер сілкінісі тіркелсе, Сантьяго жермен-жексен болады дейді ғалымдар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729765-galymdar-zojkyn-zer-silkinisi-bolatynyn-ajtyp-dabyl-kakty.html