RU
Тоқтар Әубәкіров 41 жыл отасқан орыс әйеліне деген сезімін ашық білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тоқтар Әубәкіров 41 жыл отасқан орыс әйеліне деген сезімін ашық білдірді

Рассказать Вконтакте

Еліміздің біртуар азаматы, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров өзінің жары Татьяна жайлы сыр шертті деп хабарлайды "Talklike" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тоқтар Әубәкіров. Фото: Азаттық радиосы

Тоқтар Әубәкіров. Фото: Азаттық радиосы

Ғарышкер өзінің жары Татьяна екеуінің әлі күнге бір-бірін іздейтінін алға тартты.

"Отасқанымызға 41 жыл өтті. Ол кісі мені, мен ол кісіні іздеп жүрміз әліге дейін. Бір жаққа кетсем хабарласады. Жолдасың әрдайым сені қолдауы керек. Қателескеніңді біле тұра, қасыңда болуы керек. Татьяна менің қасымда болып келе жатыр", - деп ағынан жарылды Әубәкіров.

"Бала махаббат басқаша болады. Он жылдай бір қызды ұнаттым. Ал жас келген сайын, ақылға саласың. Ғашықтық дегенді әлі күнге түсінбей келем", - деді ғарышкер.

Айта кетейік, қазақтың тұңғыш ғарышкерінің бүгінде бес немересі бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
5
7
2
46
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel