RU
Ауаның ластануынан жылына жеті миллион адам көз жұмады
Жаңалықтар Әлемде

Ауаның ластануынан жылына жеті миллион адам көз жұмады

Рассказать Вконтакте

Әлемдік денсаулық сақтау бірлестігі жүргізген арнайы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде лас ауа салдарынан көз жұмған адамдар саны анықталды. Мамандардың есебіне сәйкес, ауа ластануының кесірінен жылына 7 миллион адам қайтыс болады деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Бұл зерттеу жұмыстары ауа ластану деңгейінің әлемнің барлық аймақтарында бірдей қауіпті екенін дәлелдеді.

Денсаулық сақтау бірлестігінің жаңа мәліметтеріне сәйкес әлемдегі 10 адамның тоғызы лас ауамен тыныс алады. Соның нәтижесінде жылына қайтыс болатын жеті миллион адамның өліміне ауаның ластануы себепкер екені расталды.

Бұл көрсеткіштің 90%-ы табысы өте төмен мемлекеттерге тиесілі. Әсіресе Азия мен Африка елдерінде лас ауа кесірінен адам өлімі оқиғалары көптеп кездеседі.

Әлемдік денсаулық сақтау бірлестігінің төрағасы Тедрос Аданом Гебрейесус ауаның ластануы күні бүгін адамзат алдында тұрған басты проблемалардың бірі екенін айтып өтті.

"Әлемде шамамен үш миллиард адам қарапайым ас дайындаудағы таза технологияларға қолы жеипейді. Сол себептен бұл мәселеге бей-жай қарамай, мемлекеттердің денсаулық сақтау саласына елеулі түрде мән беру керек", - деп айтты бірслестік басшысы.

Оның айтуынша, бұл күрделі мәселе мемлекеттер бірлестікпен ұйымдасқан жағдайда ғана өз шешімін таппақ. Ол үшін түрлі химиялық қалдық тастайтын зауыттар жұмысын тексеруден бастау алу керек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel